Бұл үйлер 2012 жылы пайдалануға берілуі керек болатын

Қазақстанның бірқатар облыс қала әкімдіктері «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы аясында бой көтерген проблемалы нысандардың жайын жыл соңына дейін шешеміз деп отыр. Алматыда өткен «Тұрғын үй — құрылыс жинақ банкінің» жанындағы қоғамдық кеңестің отырысында мамандар осылай деп мәлімдеді. Сақалды құрылыстардың арасында Шымкенттегі «Нұрсәт» шағын аудандындағы бірқатар үйлер бар.

Бұл үйлер 2012 жылы пайдалануға берілуі керек болатын
Бұл үйлер 2012 жылы пайдалануға берілуі керек болатын

«Нұрсәт» шағынауданындағы №128 және 129 көпқабатты үйлер 2012 жылдың қараша айында бітіп, пайдалануға берілуі тиіс болатын. Жаңа шағынауданда жарыса бой көтерген үйлердің жайы бүгінде осындай. Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудағы негізгі қаржы институтынан арнайы есеп-шот ашып, қаржысын құйған азаматтар арасында кезегін күтіп жүргендер аз емес. Қалалық құрылыс бөлімі басшысының айтуынша, құрылысты бастаған компаниямен арадағы келісім бұзылған. Бүгінде жаңа конкурс өтіп, жұмыстар қайта жанданды.

Еркін Бұхарбаев, Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің бастығы: «Бүгінгі күні ең негізгі қиындық қаржыландырудың дұрыс жолға қойылмауынан болып тұр. Жобалық смета бойынша құрылыс 11-12 айда бітуі керек. Ал қаражат бөлінгенде 2-3 жылға созылып кетіп жатыр. Соның әсерінен де болар. Бұл — біріншіден. Екінші мәселе — осы «Қолжетімді баспана — 2020″ бағдарламасының 1-нұсқасы дайындалғанда банк арқылы салынатын тұрғын үйлерге кішкене қателіктер кеткен. 3-санатты пәтерлердің әр шаршы метріне 90 мың теңгеден, 4-санатқа 80 мыңан берілген. Жергілікті атқарушы органдардан оған қосымша 10 пайыз ғана қаржыландырылады.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=MQuwxbtkoSs[/youtube]

Қоғамдық кеңеске мүше болып іріктелген азаматтар арасында журналистер де бар. Қазақстанның журналистер одағы төрағасы Сейтқазы Матаев жергілікті жерлердегі әлеуметтік маңызы бар бағдарламаның орындалуын соңына дейін қадағалауға әріптестерінің де дайын екенін айтады.

Сейтқазы Матаев, ҚР Журналистер одағының төрағасы: «Жауаптылар «2014 жылдың қараша, желтоқсанында бітіреміз» дейді.  Бірақ суретке қарасақ бұл қиын сияқты. Біз сенейік. Мүмкін, аяқтайтын шығар.»

Осылайша «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы бойынша бастауын алған құрылыс нысаны 2014 жылдың соңында бітеді деп жоспарлануда. Ал әзірше мұнда құрылыс жұмыстары мүлдем тоқтап тұр.