Үшінші мегаполисте білім нысандары ашылды

351

Шымкентте 320 орындық балабақша ел игілігіне берілді. «Нұрсәт» шағынауданында ашылған бөбекжай заманауи талапқа сай жабдықталған. Мектепке дейінгі мекемеде әр топқа арналған ойын алаңшалары бар және өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі үшін арнайы бейнебақылау камералары орнатылған. Бөбектерді нысанның ашылуымен және жаңа жыл мерекесімен бүгін қала әкімі бастаған жергілікті атқамінерлер арнайы құттықтап келді. Жаңа балабақша 100-ден аса адамды жұмыспен қамти алады.

Сондай-ақ, бүгін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Сайрам тұрғын үй алабында 250 орындық «Арофат» жаңа мектебі тапсырылды. Мұнда 1-4 сыныптың оқушылары ұзартылған топтарда таңертеңнен кешке дейін болады.

Мұнда оқушылардың тігін тігумен, қолөнермен, түрлі өнер үйірмелерімен айналысуына, спорттық шараларға қатысуына мүмкіндік мол.

Мақпал Рысбаева