Сайыс 6 номинация бойынша өтеді. Металургия, тау-кен, мұнай-газ, құрылыс, көлік жасау, көлік жүйесі сияқты салада еңбек ететін қарапайым жұмысшы жастар өзара бәсекеге түспек. Талап бойынша қатысушы өзі жұмыс істейтін жұмыс орны туралы, жеткен жетістіктері мен мамандығының қыр-сыры жайында бейнебаян дайындауы тиіс.
Жеңімпаздар қыркүйек айының соңында анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.