Шымкеттегі балет мектебі жаңа оқу маусымын ашты

Қаламыздағы Болат Мейірбеков атындағы балет мектебі алғаш рет оқу жылының ашылу маусымын атап өтті. Сұлулық пен сымбаттылықтың белгісіндей болған балет мектебінің биші қыздары кешті «Снежинки» биімен бастады. Бағдарламаға 20-ға жуық би қойылған. Әсіресе «Капелия»,»Корсар», «Китри», «Щелкунчик» атты қойылымдары ерекше. Бір айдан аса уақыт дайындық жүргізіп, жаңа бағдарламамен сахнаға шыққан ұжымның концертін тамашалауға келгендер көп.

Безымянный-640x359

Болат Мейірбеков негізін қалаған балет мектебінде бүгінгі таңда 250-дей оқушы білім алса, оның 100-ге жуығы көрермен алдында өз өнерлерін паш етті. Сонымен қатар түрлі бағыттағы билер мен халықтық билерді меңгерген бишілер кеште әр нөмірді мінсіз орындап, көптің ықыласына бөленді. Бұған дейін жыл соңында тек есеп беру концертін өткізетін ұжым осылайша жаңа оқу жылын бастауда.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Vr1Far_kBAE[/youtube]

«Мектебіміздегі оқушылар да, ұстаздарымыз да ерекше шабыттанып, биылғы жылды осылай бастауды шештік. Дайындалып, бір айдың ішінде үлкен бағдарламаны сахнаға шығарып отырмыз» дейді балет мектебінің директоры Ләмиля Мейірбекова.

Сонымен қатар биыл мектепті бітірген түлектерге куәлік тапсыру рәсімі өтті. Оолыстық білім басқармасынан келген қонақтар түлектерді құттықтап, дипломдарын табыс етті. Айта кетейік, оқуды аяқтаған 4 түлектің екеуі опера және балет театрында жұмыс атқарады. Ал биыл білім ордасының 10 жасар үш оқушысы Алматы қалалық хореографиялық училищесіне оқуға түскен.