«Отырар» телеарнасына – 21 жыл!

"Отырар" телеарнасы

 «Отырар» телеарнасында – жаңа маусым. Осымен 22 рет телевизиялық маусымға аяқ басқан телеарна ұжымы алдағы уақытта өз көрермендерін жаңа бағдарламаларымен қуантпақ. Түрлі бағыттағы қызықты әрі танымдық жобалардың тұсауы кесілмек.

"Отырар" телеарнасы
«Отырар» телеарнасы

 Зәуре Оралбаева, «Отырар» телеарнасының бас редакторы: «Қазанның 21-жұлдызынан жаңа маусым басталды дегенде біз бағдарламаларды бүгіннен бастағанымыз жоқ. 2013 жылдағы біраз бағдарламаларды, шын мәнінде, көрермендер көріп те үлгерді. Бірқатары бағасында беріп қойған болар. Бірақ, біздің жаңа маусымымыз бүгінен басталды.»

Ұжым мүшелері жұмыс үстінде
Ұжым мүшелері жұмыс үстінде

Бүгінде көптің көзайымына айналған «Отырар» телекомпаниясы өзінің 21 жылдық тарихында талай шыңды бағындырды. Қаншама шәкірт тәрбиелеп, биік белестерден көріне білді.

Валентина Куликова, «Отырар» телекомпаниясының директоры: «Жаңа маусым басталды! «Отырар» телеарнасы 21 жыл өздеріңізбен бірге. Сіздер алдағы уақытта та бізбен бірге боласыздар деген үміттеміз. Өйткені, «Отырар» – сіздің телеарнаңыз!»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=zbn9bBlbhoU[/youtube]

Бұдан бөлек жаңа маусымда өзге де танымдық, тағылымы мол тележобалар көп. Тіптен күніне 4 рет эфирге шығатын ақпарат жаңалықтар бағдарламасы да жаңа бағытпен көрермендерге жол тартпақ.

Бекжігіт Мәуленов, жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы: «Қазір біз жаңалыққа «Нақтылау» бағдарламасын қайта енгіздік. Онда сюжеттерге сыймай қалған ақпараттар кеңінен талқыланады. Тағы бір ерекшелік – жаңалықтарға «Арнайы репортаж» рубрикасын да енгізіп отырмыз.»