«Балетке бет бұратындар аз…»

456

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының балетмейстері Еңлік Теңізбек:

– Балет – әсемдікті, сұлулықты талап ететін өнер. Балет өнеріне қызығушылығыңыз қай кезден басталды?
– Кішкентай кезімнен биге қатысқым келетін. Анам мені балет мектебіне 10 жасымда алып барды. Содан 7 жыл оқып, үйреніп, жоғары оқу орнына түстім. Оны бітірген соң, бүгінгі таңда аталмыш театрда жұмыс істеп жатырмын.
– Бұл өнерге баланы қай жастан бастап баулыған дұрыс?
– Өзімді балет мектебіне кеш бардым деп ойлаймын. Ерте бастаған дұрыс. Мүмкіндігінше 5-6 жасынан бастап барғаны дұрыс. Ары қарай 7 жыл көлемінде бимен айналысып үйреніп, жалғастырып, кәсіби биші болуына болады.
– Би өнерінің ішіндегі балет өнері қиындау, күрделі, талаптары жоғары сияқты…
– Ия, төзімділік пен шыдамдылық керек. Аяқтың ұшымен тұрып билеу оңай емес. Иілгіштігі жақсы болуы керек. Ол үшін ерте жастан бастап қатысуы керек.
– Биді бала кезден бірге бастап ары қарай жалғастыруды қиынсынғандар болды ма?
– Ия, қиындығына шыдамай тастап кеткендер бар. Өзіме ұнағаннан кейін ары қарай жалғастырып келемін. Театрда жұмыс бастағаныма 2 жыл болды. Барлық операға қатысамыз. Өзіміздің балет тобымыз бар. «Челкунчик» балетін қойдық жуырда. Одан басқа да қойылымдар жасаймыз деген жоспарымыз бар.
– Театрда қанша балет бишісі бар?
– 16 биші бар. Жеткіліксіз, әрине. Театрымызда «Келбет» студиясы бар. Сонда кішкентай балаларды тәрбиелеп жатырмыз.
– Ол студияға балаларды қалай қабылдайсыздар? Қандай да бір дайындықпен келуі керек пе?
– Студияға 5 жасынан бастап қабылдайды.
– Театрда мамандар жеткілікті ме?
– М.Әуезоа атындағы ОҚМУ-ін бітіргенмін. Аталмыш оқу орнын бітіргендер келеді көбіне. Басқа жаққа жұмыс бабымен кететіндері бар. Қиындығынан болар бұл өнерге ден қоятындар аз. Сондықтан да маман жетіспеушілігі туындайды.
– Бишілікпен нәпақа табу қандайлық? Басқа да қосымша жұмыс жасайсыздар ма?
– Қосымша жұмыстар керек деп ойлаймын. Екінші, үшінші жұмыс та керек. Балаларға биден сабақ беріп жатқандар да бар.