«Аралды сақтап қалу» халықаралық қоры дабыл қағады. Қазақстандағы гидротехникалық құрылымдарды пайдалану бойынша Үкімет тарапынан қолдау қажет дейді мамандар. Дер кезінде көмек берілмесе, халыққа қауіп төніп тұр. Қызылағаш пен Көкпектідегі жағдайдың қайта қайталанбауын ескерткен алқалы жиын Шымкентте өтті.
Қызылағаш ауылында бөгет жарылып, қайғылы оқиға орын алғаны әлі елдің есінде. Кейін маңызды нысанның жекеменшікте болғаны анықталған да еді. Сала мамандары гидротехникалық құрылымдар — су қоймалары және өзге каналдар, атыздардың әр меншікте болуы оларды жүйелі түрде қадағалауға мүмкіндік беремейді дейді. Шымкентте өткен семинар тренингке жиналғандар гидротехникалық құрылымдардың қауіпсіздік декларациясын жасауды, паспорттарды дайындауды үйренуде. Тозығы жеткен гидротехникалық құрылымдарды зерттеп, түгендеу жұмыстары жүргізілмесе, нысан аймақтағы адамдардың өміріне қауіп төндіреді дейді олар.
[youtube]http://youtu.be/azlP9xIgzUo[/youtube]
Мамандардың мәлімдеуінше, Қазақстанда гидротехникалық құрылымдардың қауіпсіздігін қамтитын арнайы заң жоқ. Бүгінде республикадағы гидротехникалық құрылымдардың 49-ы коммуналдық меншікте болса, 31-і — жекеменшікте. Олардың басым бөлігінің пайдалану мерзімі аяқталып, күрделі жөндеуді талап етеді. Сондықтан олар аса қауіпті нысандар қатарына жатады. Оңтүстіктегі 41 су қоймасының 19-ы — республикалық, 15-і — коммуналдық, 6-ы — жекеменшікте.
[youtube]http://youtu.be/QBpaaE_7F10[/youtube]
Гидротехникалық құрылымдардың жұмысын қадағалауға және оларды күтіп-ұстауға қомақты қаржы қажет. Су қоймаларының техникалық жағдайы 5 жылда жіті тексеріліп тұруы тиіс. Бұл маңызды жұмыстарды жүргізетін мекеме де, коммуналдық немесе жекеменшіктегі гидротехникалық құрылымдарды пайдалануға қатысты жауапкершілікті айқындап беретін құжат та қажет. Әйтпесе Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылындаағы жағдай қайталанбасына ешкім кепілдік бермейді.