Түркістан облысындағы каналдар, су қоймалары жөндеуден өтуде

337

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Нұрбек Бадырақов

Нұрбек Бадырақов, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы

өңірдегі ирригациялық жүйелер бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап берді: «Түркістан магистралды каналын күрделі жөндеу» жобасы. 22,0 шқ. бетонмен қапталды 11,3 млн. м3 ағын су үнемделді. Жобаны аяқтау нәтижесінде 59,0 шқ. бетонмен қапталып 60 млн. м3 ағын су үнемделеді.

Су қоймасы

«Сиымдылығы 18,5 млн.м3 «Кеңсай Қосқорған-2» су қоймасын салу» жобасы. Үлкен дамбы биіктігі 24 м. көтерілді, 40% бетондалды, кіші дамбы толықтай тұрғызылды. Жобаны аяқтау нәтижесінде 34,0 млн.м3 ағын су жиналады.

– «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» жобасы. 34,5 шқ дамба көтерілді, 150,0 млн.м3 ағын су жиналды. Жобаны аяқтау нәтижесінде, Түркістан қаласының экологиялық жағдайы жақсарып, орта шағын бизнестер және туризм саласы дамиды.
– «Машиналық әдіспен су беру» жобасы. Нәтижесінде, жылына 53 млн м3 ағын су қосымша жеткізіледі.

Ағымдағы жылы Жетісай ауданындағы тұзданған жерлерді қалпынан келтіру және тұзданудың алдын алу мақсатында облыстық бюджет есебінен ұзындығы 291,5 шақырым 57 қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Шынар Оразова