Úı ANONS Шымкент қаласындағы су қоймаларының гидрологиялық жағдайы тұрақты

Шымкент қаласындағы су қоймаларының гидрологиялық жағдайы тұрақты

Өткен тәулікте Шымкент қаласының аумағында орналасқан Бадам, Тоғыс, Текесу, Ақжар су қоймаларында судың тұрақты деңгейі байқалды.

Су қоймаларына тәуліктік судың келуі 1-ден 5,5 текше метрге дейін құрайды. Жауын-шашынның жиі түсуіне байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері күн сайын су қоймаларына мониторинг жүргізеді. 2021 жылғы 05 сәуірдегі жағдай бойынша су қоймаларының толымдылығы 16-дан 70% — ға дейін құрайды.

Елді мекендерді, әлеуметтік маңызы бар, ықтимал қауіпті және басқа да маңызды объектілерді су басуы жоқ.