"Мадлен" кофейнясі

«Мадлен» кондитерлік желісінің жаңа бөлімшелері жерлестеріміз бен қала қонақтарына есіктерін айқара ашты. Жаңа 2 бірдей филиал «Нұрсәт» және «Масақ» («Колос») шағынаудандарында орналасқан. Тұтынушылар ондағы жанға жайлы залдар мен дәмі тіл үйірер тағамның тәтті түрлері және ыстық тамақтарымен танысып, бағасын беріп үлгерді. Сонымен қоса «Кең баба» этносаябағындағы «Мадленнің» бөлімшесі жаңарып, жаңа ас мәзірлерін көпке ұсынуда.

"Мадлен" кофейнясі

Қонағын жоғары дәрежеде сыйлайтын «Мадленнің» жаңа бөлімшесі ашылды. Кондитерлік кофейня «Нұрсәт» шағынауданында орналасқан. Жанға жайлы жұмсақ дивандар, құлаққа жағымды әуезді әндер, ерекше сәнмен безендірілген ауқымды залдар тұтынушы үшін арнайы жасақталған. Көпшілікті бұл жағдай ғана емес, кондитерлік желінің № 115 мектепке қарсы бетте орналасқаны қуантып отыр.

Нұрсұлу Жолтаева, тұтынушы: «Мен қаламыздағы «Қайтпас» шағынауданында тұрамын. Сондықтан осы маңнан «Мадленнің» жаңа бөлімшесі ашылғанына өте қуаныштымын. Енді балаларым да түрлі тәттілерді тұтынатын болды».

Тәтті нандар мен тоқаштар, орамалар мен түрлі тосаптар қосылып әзірленген нан өнімдері. Жаңа бөлімше ашылғаннан бастап тағамдары көптің таңданысын тудырып, ерекше сұранысқа ие болды. Жаңа кофейняның мәзірі кең болғаны соншалықты, оларды түрлі безендірілуінен ғана ажырата аласыз.

Ирина Дементьева,әкімші: «Жерлестеріміз сүйікті астарына, тортттарына тапсырыс бере алады. Тіпті сурет әкеліп, бізге өтініш жасаса, біз олардың ұсынған тағамын жасап беруге әзірміз».

Осы кезде «Масақ» шағынауданындағы «Мадлен» де өз тұтынушыларын тауып үлгерген. Мұндағы ыстық тағамдар мен тәттілердің бағасы келген қонақтарды құр қайтармайды. Егер таңертең жұмысыңызға асықсаңыз, арнайы кафеде кондитерлік өнімдермен таңғы ас ішуге жағдай жасалған. Және түрлі мерекелерге арнап, торттар мен түрлі дәруменге толы салаттарға тапсырыс бере аласыз.

Күні бойы жұмыстан шаршаған жерлестеріміз «Кең баба» этносаябағындағы «Мадленді» жағалайды. Себебі мұндағы ыңғайлы дивандар мен ас мәзірі бұрынғыдан да ерекше етіп жаңартылған. Шебер аспаздар, кәсіби кондитерлер ас мәзірін толықтырған. «Мадленде» тәттілердің жаңа түрі – фризермен алынған және софт балмұздағы, ал аптап ыстықта гранита-құлпынай балмұздағы жасалады.