Мейрамханада ерекше көрме өтті

307
Көрмеде 27 туынды экспозицияланды

Шымкенттік суретші-кескіндемеші Қарлығаш Қансейіт бейнелеу өнерінің әр түрлі бағытында жазылған туындыларын өнер сүйер қауым назарына ұсынды. Айта кететіні, көрмеге келушілер тек туындыларды тамашалап қана қоймай, әуезді әндерге де сусындалып қайтты.

«Ингольштадт» мейрамханасында Қарлығаш Қансейіттің бейнелеу өнерінің бірнеше бағытындағы туындылары қойылды. 27 шығармадан тұратын көрмеде табиғат көріністері, қазақ мәдениеті бейнеленген. Автор өнер туындыларды көрермен кез келген жерде тамашалай алуы тиіс дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3cuWHzbWQ4I[/youtube]

Қарлығаш Қансейіт, суретші-кескіндемеші: «Көпшілік бейнелеу өнерінің туындыларын әдетте арнайы мұражай мен галереяда тамашалап үйренген. Менің ойымша шығармалар осындай адамдар демалатын жерлерде де болуы керек деп білемін.»

Көрмеге қойылған туындыларды өнерсүйер қауымның сатып алуына да мүмкіндік болды. Мерекелік кешті Тұрысбеков қоры ұйымдастырған.

Ғани Серікұлы, көрермен: «Біз мұндай мерекелік кешті тек Еуропаның мәдениетінен ғана көргенбіз. Ал Шымкентте осындай шараның өтуі — бұл өнер әлеміндегі жаңашылдық деп білемін. Мен өте қуаныштымын. Осындай шаралар көбірек болса екен.»

Көрмеде 27 туынды экспозицияланды
Көрмеде 27 туынды экспозицияланды

Келушілер көрмені тамашалаумен қатар Шым шаһардың музыкалық аспапшылары мен бард, опералық әншілерінің орындауындағы қазақ халқының классикалық және Европаның әлемге әйгілі әндерін тыңдады.