Түрме қабырғалары «жасыл желекке» оранбақ

490

Шымқаладағы Темірлан тас жолының бойы негізгі көшелердің бірі. Киелі шаһардан келгендер Шымкентке сол тараптан табан тірейді. Әрі әуежайға баратын басты көшелердің бірі де сол.

Осы көшенің бойында түрме бар. Биіктігі 5 метрге жуықтайтын, төбесі сым темірлермен қоршалған түсі суық, сұрқай мекеме. Осы тас қабырғалардың келбетіне «шырай жүгірмек».

Суретшілер бүгінде қабырғаға жасыл желек, қызғалдақ, мұнаралар салып, әрлеу үстінде. 27 сәуірде Шымқалада «Қызғалдақ жолы» фестивалі өтеді. Өзгеше стильде салынған суреттер қалалықтарға да, қалаға келген туристерге де ұнауы сөзсіз.