Облыс әкімі ауыр атлетикадан күміс жүлдегерді қабылдады. Асқар Мырзахметов Алматы қаласында ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанған жерлесіміз Жазира Жаппарқұл мен оның жаттықтырушысы Ню Славикті қабылдады.
Өңір басшысы спортшы қыз бен оның бапкерін жеңістерімен құттықтады. Спортшылармен болған кездесуде Асқар Исабекұлы мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде талай дарынды спортшыларымыз түрлі деңгейдегі спорттық додаларда топ жарып, ел намысын қорғап жүргенін атап өтті.
Облыс әкімі ауыр атлетикадан әлемдік жарыста Оңтүстік аруының тұңғыш рет биік нәтиже көрсетіп отырғаны барша қазақстандықтардың отансүйгіштік рухын асқақтатты деп бағалады. Содан кейін талантты спортшы мен оның жаттықтырушылары Олимпиадалық ойындарда да биіктен көрінеді деген сенім білдіріп, жүлдегер аруға 3,5 млн. теңгенің, оның жаттықтырушысына 1 млн. теңгенің сертификатын табыс етті.
Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі