Облыс әкімі ордабасылықтармен кездесті

35

Облыс әкімі Ордабасы ауданының халқымен кездесті. Өңір басшысымен кездесуге жергілікті халықтың басым бөлігі келіп, ұсыныс тілектерін жеткізді. Жиында былтыр атқарылған жұмыстардың нәтижесі де баяндалды.

Түркістан облысы әкімінің өңірге қарасты аудан халқына есеп беруі кезең кезеңімен өткізіліп келеді. Басшы бұл жолы Ордабасы ауданы тұрғындарының өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, облыс әкімі алға қойылған мақсат-міндеттер мен қолға алынатын маңызды жобаларды халыққа жеткізді.

Дархан Сатыбалды,Түркістан облысының әкімі: «Жергілікті биліктің басты мақсаты тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. Және облысымыздың әрбір ауданын әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту. Аудан дамуы бойынша сіздердің ұсыныстарыңыз біз үшін маңызды. Біздің ауданның басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Бағана айтқандай 118 жоба бойынша құжаттары мақұлданып, 60 жобаға 326 млн тг несие берілді».

Облыс әкімі өңірге инвестициялық жобалар тартып, шетел тауарларына тәуелділіктен арылу мақсатында жұмыс істеу басты міндет екенін атап өтті. Яғни, бюджет кірісін арттыру арқылы облысты дамытып қана қоймай, тұрғындардың жақсы өмір сүруіне жағдай жасалатынын жеткізді.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Жалпы өңірлік өнім құрылымы бойынша былтыр 59 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі болып, өнеркәсіпке 25 пайыз, саудаға 8, құрылысқа 8 пайызы тиесілі. Жан басына шаққандағы өнім көлемі биыл 6 айда 376 мың тг құрады. Бұл өте төмен көрсеткіш. Көршілес Щымкент елдімекенге өте төмен көрсеткіш».

Шара соңында облыс әкімі өңір азаматтарын жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.