Шымкентте қағаз қап шығаратын кәсіпорын ашылды

998

Шымкентте Индустрияландыру картасы аясында жылына 20 млн. қағаз қап шығаратын заманауи кәсіпорын іске қосылды. Құны 175 млн. теңге болатын бұл жоба – өңірде қағаз қаптарын шығаратын алғашқы кәсіпорын.

001

Аталған кәсіпорынның өнімдері «Стандарт цемент» зауытының Ресейден сатып алатын цемент қаптайтын қағаз қаптарының орнын алмастырмақ. Заманауи «TEKAN» маркалы қағаз қапшықтарын шығаратын кәсіпорында он адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

002

«Бұл жоба өңірдің өнеркәсіптік дамуына әсерін тигізеді, себебі аталған өнімге сұраныс көп» деді облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Бақытжан Әшірбеков.

003

Дереккөз: ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі