Шымкентте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық ерекше кеш өтті. Мерекені тойлау барысында балалардың көңілдері көтерілгені соншалықты, жүруге мүмкіндігі жоқ болса да би алаңында жарыса шықты.
Бұл іс-шараның өтуіне мұрындық болған қалалық мүгедектердің қоғамдық ұйымы хабарландыру арқылы 200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі баланың басын жинап, қуаныш сыйлады. Сондай-ақ, кешке қатысқан әрбір балаға сыйлық берілді.
Бұл күні балалармен бірге келген ата-аналар үшін де бұл кеш ерекше болды. Айта кетейік, мерекелік жиынның өтуіне «Олимпик» және «Сейф Ломбард» компаниялары демеушілік етті.