Мүмкіндігі шектеулі балаларға қаржылай көмек көрсетілді

113

Шымкентте 1-маусым балаларды қорғау  мерекесі күні қарсаңында 18-жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға бір реттік төлем жүргізілуде. Бір реттік төлемді алу үшін ешқандай құжат өткізудің қажеті жоқ.

«Мерекелік төлемді жүзеге асыруда зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың деректер базасындағы мәліметтері негізге алынады. Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі 6000-нан астам баланың әр қайсысына 14 585 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді»,- деп мәлімет берді Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарманың баспасөз хатшысы Алтынай Нұрғали.

Шынар Оразова