Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мемлекеттік сыйлық үшін берілетін қаржыны балалар үйіне аудармақ.
Бұл туралы өңір басшысы «Түркістан» сарайында өткен «Тұғырлы бол, Тәуелсіздік!» салтанатты шарасынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты. «Мемлекеттік сыйлықтың иегерлеріне қаржылай сыйлық берілетіні белгілі. Сыйлық алған біздің ұжымның әрбір мүшесіне 2 миллион теңгеден беріліп отыр. Мен өз үлесімді балалар үйіне аударамын» деді А.Мырзахметов.
Дереккөз: ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі