Шымкентте құқық бұзушылықты анықтауға еріктілер көмек береді

100-ге жуық студент қала көшелерін бақылаған

Құқық қорғаушы деген жеке куәлік алып, арнайы киім киген болашақ медбикелер мен заңгерлер, қаржыгерлер мен педагогтар қала көшелерін бақылауға көшкен. Мұндай міндетті атқаруға ерікті құқық қорғаушылар жасағы полиция қызметкерлерін дайындайтын арнайы оқу орталығында өткен үш күндік курстан кейін кірісіп отыр.

Олар енді қала тұрғындарының жол ережесін бұзбауын, қоғамдық орындарды ластамауын қадағалап, әкімшілік құқықтары мен міндеттері туралы түсінік жұмыстарын жүргізуде.

Еріктілер жасағын марапаттау рәсімі
Еріктілер жасағын марапаттау сәті

Полиция қызметкерлеріне қала тәртібін сақтауға көмектесуге жүзге жуық студент өтініш білдіріпті. Олардың көмегімен екі айдың ішінде 428 әкімшілік құқық бұзу фактісі анықталған. Ішкі істер органының қызметкерлері де көмекшілерінің жұмысына дән риза, тіпті қылмыспен күресу үшін бірлескен жұмыстарын жалғастырмақ ниетте.

100-ге жуық студент қала көшелерін бақылаған

Еріктілер жұмыстарына ақы алмайды. Дегенмен, қоғамдық тәртіпті сақтауда ерекше көзге түскендер марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Сәтті өткен мұндай тәжірибеден кейін жастар орталығы мен «Қазақстан 2050» қоғамдық ұйымы полицейлердің көмекші отрядын құрмақ. Тіпті жаңа жылдан бастап шаһарымыздың тәртібін бақылауға ниетті жастарды іріктеуді бастамақ

Полиция көмекшілері жұмыс кезінде
Полиция көмекшілері жұмыс кезінде