Шымкентке Түркия елінің Болу қаласының делегациясы келді. Қонақтарды шаһар басшысы Дархан Сатыбалды қабылдады. Болу қаласының әкімі бастап келген делегациямен өткен алқалы жиында екі елдің қала әкімдері шаһарлардың тыныс-тіршілігі, экономикалық және өндірістік саладағы тірліктерін айтты.
Болу қаласының әкімі Алаттин Иылмаз бастап келген топта оның орынбасары, мәдениет және тілшілер бар. Кездесу соңында әкімдер бірін-біріне сый-сияпат жасады.
Алаттин Йылмаз, Түркия мемлекеті Болу қаласының әкімі:» Қазақстан — түркі жұртының қара шаңырағы. Екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынастың тығыз болуы біз үшін өте маңызды. Келудегі мақсатымыз — біріншіден, Наурыз мерекесін кең көлемде тойлау, екіншіден, осы жерде Көрұғлы бабамыз болған екен. Сол жайында мәлімет жинаудамыз.»