QazaqGaz және Шымкент қаласының әкімдігі меморандумға қол қойды

53

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының стратегия және инвестициялар жөніндегі орынбасары Акбар Төлегенов пен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов газ және газ моторлы отын саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

Қол қойылған құжат тараптарға жаңа жобаларды іске асыру бөлігінде тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Олардың қатарында автомобильдік газ толтыру компрессорлық станцияларын (АГТКС) салу және пайдалануға беру, қалалық газ тарату жүйесінің өткізу қабілетін ұлғайту, сондай-ақ газбен үздіксіз жабдықтауды және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 

Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды кеңейту сығымдалған табиғи газбен (СТГ) жүретін автобустар паркін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өту керек. Өз кезегінде, СТГ-ні отын ретінде пайдаланатын көлік үлесін арттыру атмосфераға СО2 шығарындыларын азайтуға көмектеседі.