Жасөспірімдер жаңа мәдени нысандарда қонақта болды

613
тарихи-өлкетану мұражайы

Оңтүстік тұрғындары жаңадан ашылған мәдени ошақтармен танысуды бастап кетті. Бүгін балалар үйінің тәрбиеленушілері кеше ғана кілті табысталған тарихи-өлкетану мұражайының ғимаратын аралады. Ондағы жаңа жәдігерлермен танысып, елдің өткеніне үңілді.

Балаларды, әсіресе, 438 миллион теңгеге салынған жаңа мұражайдағы электронды бейнеқор қызықтырды. «Қазақ хандығы және жаңа заман тарихы» атты жаңа бөлімнің қондырғысын қаумалап, жәдігерлерді тамалаушылардың қарасы қалың.

тарихи-өлкетану мұражайы
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Мұнда 69 мыңға жуық жәдігер бар
Мұнда 69 мыңға жуық жәдігер бар

Мадлен Мұратәлиева, Сайрамдағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушісі: «Қазір барлығымыз қуанып жүрміз. Себебі Кенесары ханның қылышын көрдік көзімізбен. Мен бұрын мұны тек теледидардан көрген едім. Және салт-дәстүр орталығына да бардық. Ол жерде көптеген кітап бар, тіпті, әр ұлттың салты мен ұстанымдары, мәдениеттері жазылған еңбектер көп. Өзбектің ұлттық тағамы — палауды да пісіру жолы егжей-тегжейлі жазылған кітаптарды кезіктірдім.»

727

Балалардың мәдени аумақтарға саяхаты облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында жалғасты. Құрылысына қазынадан 400 миллион теңге мұмсалған мекемеде кеңес залынан бөлек салт-дәстүрге арналған екі көрме залы бар. Өзге бөлмелер зерттеу сыныптарына берілген. Бұл мекеме қазақтың салт-жоралғысынан бөлек облысымыздағы 20 мәдени-ұлттық орталықтың ғұрпынан сыр шертер жәдігерлермен де жасақталыпты.

Қайырғали Медет, облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры: «Зерттеу орталығы болғандықтан, біз мұнда адамдардың жәй келіп-кеткенін қаламаймыз. Ұмытуға шақ қалған дәстүрді дәріптеп, оны оларға насихаттаймыз. Зерттейміз».