Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Күмісбек Әшірбайұлы Орашов ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағы, 14-бабы 7-тармағы негізінде 2015 жылғы 28-қаңтардан бастап облыстық құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.
К.Орашов 1964 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-механик.
Еңбек жолын В.И.Ленин атындағы Ульяновск көлік зауытының ІІІ разрядты слесарі болып бастаған. 1985-1995 жылдары №3 Шымкент көлік комбинатында ІІ разрядты слесарь, Ленгір қаласы жүргізушілер дайындайтын мекемесінің мұғалімі, Сайрам ауданы «Коммунизм» колхозы автопаркінің механигі, Шымкент мұнай қоймасының ІІ разрядты операторы болған.
1995-2015 жылдары «Көктем» ЖШС жанар-жағармай бекетінің ІІ разрядты операторы, «Идеал» ЖШС ауысым бастығы, коммерциялық директоры, «Строй-Сервис-7» ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы мәслихатының хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2015 жылғы қаңтардан бастап облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етіп келді.
Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі