Ата-аналар спорт мектептеріндегі әлімжеттікке шағымданды

310

Өңірдегі спорт мектептерінде балалар арасындағы әлімжеттік тыйылмай отыр. Бұл туралы ата-аналар «Нұр Отан» партиясына шағымдануда. Баласын спортқа баулимын деген ата-ана соңында өзгенің ермегіне айналған ұлының аянышты халге жететінінен қауіптенеді.

Бұл келеңсіз жағдай жайлы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен саяси бюро мәжілісінде айтылды. Мұнда партия мүшелері спорт саласының мамандарына балалар арасындағы әлімжеттікпен күресу үшін жұмыстарды күшейту керегін ұсынды. Облыстық спорт басқармасының басшысы қолдан келген шараны жасап жатқанын айтады.

[youtube]http://youtu.be/8iopoqHdzy8[/youtube]