Оңтүстікте Әшірбек Сығайға құрмет тақтасы қойылды

502
Әшірбек Сығайға арналған құрмет тақтасы

Әзіл әлеміне үңіліп, сатира саңлағы атанған Әшірбек ағаны жерлестері ұлағатты ұстаз ретінде мойындайды. Сондықтан өзі оқыған Хантағы ауылындағы мектептің хасбетіне қаламгердің құрметіне ескерткiш тақта орнатылды. Осында жиналған үзеңгілес достары, зиялы қауым өкілдері мен туыстары мәдениет марқасқасын бірауық еске алды. Бұған қоса осы білім ұясынан Әшірбек Төребайұлының атына арнайы сынып та ашылды.

Әшірбек Сығайға арналған құрмет тақтасы
Әшірбек Сығайға арналған құрмет тақтасы

Күләш Сығай, Ә. Сығайдың жары: «Көп шаруалары аяқсыз қалды, бастаған біраз кітаптарын да жазып үлгермеді. Барлығын аяқтаймын, аяқсыз қалдырмаймын, халқыма рухани азық сыйлаймын деп жүргенде өмірден өтті. Енді жас ұрпақ, оның шәкірттері оның арманын, бастамаларын жалғайды деп сенемін.»

" Әшірбек Сығай. Сын сардары" деректіфильмі
» Әшірбек Сығай. Сын сардары» деректі фильмі

Бұдан кейін Оңтүстік жұрты Әшірбек Сығайдың өміріне арналған кинотуындыны тамашалады. Залдағы көрермен әйгілі сыншының өзімен ашық сырласқандай әсерде отырғандарын жасырған жоқ. Осы «Әшірбек Сығай. Сын сардары» деректі фильмін жарыққа шығаруға режиссер Қалила Омаров бастаған шығармашылық топ бір жыл уақыт жұмсаған.

Бір сағаттық деректі фильмді түсіру үшін шығармашылық топ Әшірбек Төребайұлының өзімен бірге туған жерін аралаған. Ресейдің бірқатар қалаларына ат басын бұрған. Марқұм өзі жайлы фильмді көріп, жақсы баға беріпті. Бірақ көптің алдына ұсынамыз деп жүргенде «қалың жұрпен қара жамылдық» дейді режиссер.

Қалила Омаров
Қалила Омаров

Қалила Омаров, кинорежиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері: «Тек қазақ театры емес, Одақ бойынша театрларда қалдырған ізі бар. Сол жердің бәрінен біз жүріп өттік десек болады. Ол кісі шаршамай, осы кино түсірушілер тобымен бірге жүрді және фильм біткесін Күләш апам екеуі үйінде отырып, екі рет көрді. Ескертпелері болды, оларды орындадым. Бұл кісінің аузынан шыққан театр туралы естеліктер мен ұғымдар, өмірдеректер құндылығын ешуақытта жоймайды. Сондықтан мен фильмнің жартысын осы театрға арнадым. Ал екінші жартысын ол кісіеің туып-өскен жері, қалыптасуы, замандастарының пікіріне арналды. Фильм осындай 2 қоржыннан тұрады.»

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері, театр сыншысы, педагог, Әшірбек Сығай 2014 жылы 67-ге қараған шағында өмірден озды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=w4D_hH4P2Hk[/youtube]