Шымкент зообағында аю өз қонжықтарын жеп қойды

656

Шымкент қаласындағы зообақта күтпеген оқиға орын алды. Тордағы ұрғашы аю өз қонжықтарын жеп қойған. Хайуанаттар бағы директорының айтуынша, түз тағысы жаңа жылдық отшашу мен шудан шошынып, өз төлдеріне бас салыпты.

фото ғаламтордан алынды

Жем болған қонжықтардың санын ешкім дөп басып айта алмайды. Себебі, аю төлдегеннен кейін апанынан шықпай, қонжықтарын бауырына алып жатып алған. Қонжықтардың туылғанын зообақ мамандары 27-желтоқсан күні бала аюлардың дауыстарынан кейін ғана аңғарыпты.

Жаңа жылдық отшашулардың даусынан өзге де жан-жануарлар өздерін жайсыз сезінген көрінеді. Мамандардың сөзіне қарағанда бұл жағдай, әсіресе, тұяқтыларға тіпті жағымсыз әсер еткен. Сол түні зообақтағы жануарлар қоршауларға соғылып, байыз таппай қиналыпты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ZST_VFV5Fus[/youtube]