Жер телімін заңдастыруды қарастыру мерзімі екі есе қысқарды

271

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандары 2482 адамға рұқсат құжаттарын рәсімдеу бойынша кеңес берген. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өтке жиында облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Бауыржан Омарбеков 2014 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есебінде мәлімдеді.

004

Орталық директоры келтірген деректер бойынша былтыр кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 2482 адамға рұқсат құжаттарын рәсімдеу бойынша кеңес берген, 1352 құжаттың рәсімделуін ұйымдастырған. Кәсіпкерлер орталықтың ықпалымен заңды тұлғалардың жер телімдерін қайта рәсімдеу, жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгерту, техникалық төлқұжат дайындау, жылжымайтын мүлікті тіркеу, техникалық шарттар әзірлеу, құрылысы аяқталған нысанды пайдалануға қабылдау актісін алу, мекенжай тіркелімін алу, сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзірлеу, құрылыс-монтаждау жұмысын бастау туралы хабарламаны алу, СТ-КZ сертификатын алу сынды рұқсат құжаттарын рәсімдеген.

Мемлекеттік мекемелермен және монополист ұйымдар тарапынан рұқсат құжаттарын қарау мерзімін қысқарту жөнінде іс-шаралар бекітіліп, меморандумдар түзілді. Нәтижесінде жер телімдерін заңдастыру мәселесін қарау мерзімі 60 күннен 30 күнге дейін қысқартылды.

Бизнес жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсету бағытында 483 жоба 4,3 млрд. теңге көлемінде қаржыландырылды. Есепті мерзімде кәсіпкерлерге 507 бизнес жоба мен маркетингтік жоспарлар әзірленді. Оның ішінде 86 жоба қаржы ұйымдары арқылы қаржыландырылса, 128 жоба кәсіпкердің өз қаржысы есебінен жүзеге асты.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі