Еңбекші ауданының ардагерлеріне де SOS тетігі бар телефондар табыс етілді

251

Шымкентте «Өмір желісі» акциясы жалғасуда. Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері қырыққа жуық шақты соғыс ардагеріне «SOS» тетігі бар ұялы телефондарды табыс етті.

Осындай сыйлықты бүгінде 95 жасқа толып отырған ардагер Сүйін Смайылов та иеленді. Жеңіс мерекесі қарсаңында дабыл түймесі бар ұялы телефонға ие болған қарт майдангерлердің қуанышында шек болмады.

Бұл құрылғыда дыбыс күшейткіш те бар. Телефонның ерекшелігі сол — өзін нашар сезінген қарияларға нөмір теріп жатпай, SOS түймесін бір рет басу жеткілікті.

Бұл құрал ардагерлердің жедел қызметтерді еш қиындықсыз шақыруы үшін жасалған. Денсаулығы нашар кісілердің бір түймені басып, «Өмір желісі » қызметінің тәулік бойы жұмыс істейтін орталығына хабарласуға болады.