Биыл қазақ хандығының құрылғанына — 550 жыл. Тарихи датаға орай, облыстық опера және балет театры «Інжу маржан» атты пермьералық қойылымын сахналады. Бір жарым сағаттық спектакль шежірені баяндауымен ғана емес, 5 бірдей қойылымның жинақтала ұсынылуымен ерекшеленді.
Ұлы Абай сахна төрінде көптің күйін күйттеп, жоғын жоқтады. Халық Абайын айнымай таныды. Оның ұлтарақтай жердегі басқан аңыз қадамдарына тағы да куә болып, жырларына сусындады. Тарихи спектакльде Ұлы тұлғаның бейнесін сомдау тәжірибелі әртіс Марат Оразметке бұйырған.
Марат Оразмет, облыстық опера және балет театрының әртісі: «Сахнада драма театрдағыдай сөздерге аса бір қатты мән беріп, оны соншалықты оны әсірелеп жеткізе алмаймыз. Өйткені мұнда оркестрге ілесі қажет, әуен ырғағынан қалып қоюға болмайды. Өз шумақтарыңның әуезінен, әнінен айнымауың керек, сол жағынан қиын болмаса, рөлді толығымен орындау маған аса қиын болған жоқ. Бірақ Абайдай болу өте қиын дер едім. Себебі Абай болу үшін Абая сияқты туылу керек, Абайдың топырағында, Абай туған өлкеде, Абайдың ішкен суын ішіп, сол жердің табиғатына ену керек шығар».
Ұжым «Інжу маржан» атты пермьералық қойылымын сахналау үшін 2 ай бойы дайындалған. Бір жарым сағаттық спектакль шежірені баяндауымен ғана емес, 5 бірдей қойылымның жинақтала ұсынылуымен ерекшеленді. Яғни, «Қыз Жібек», «Абай», «Біржан -Сара» «Қамар сұлу», «Айсұлу» опералары арқылы өнер ұжымы қазақ хандығы дәуірінен бергі заманды суреттеді. Еңбектің қоюшы режиссері Қайрат Құлыншақовтың айтуынша, тарихи еңбекті сахналау оңайға түспеген.
Қайрат Құлыншақов, қоюшы-режиссер: «Қойылымның ерекшелікке толы болуы үшін біраз жұмыс жасадық. Кейбір тұстарында өзгерістер де болады. Кейбір рөлдерді біріктіруге тура келді. Қысқа, халыққа түсінікті, барынша нақты болуы үшін. Мәселен «Қыз Жібек» операсында Жібек пен Төлегеннің кездесуі ең алғ,ашқы кездесуін біз алдын кездескен есебі ретінде алып, операдағы екінші өлең-нұсқаларын алдық. Соны мереке-думан ретінде тарту еттік.
Еңбектің ерекшелігі бұл ғана емес, басты рөлдерді 15 адам сомдады. Олар сахнада халқымыздың тектілігін және бекзат өнердің шеберлігін де жеткізді.
Алтынай Жүнісова, көрермен: «Қойылымнан керемет әсер алдық. Ұмыт қалып бара жатқан салт-дәстүрімізді еске алдық көріп отырып. Жастар да көп жиналыпты, енді олар үлгі-өнеге алып, қазақтың ғұрпын жалғастырады деген үміттемін».
Айта кетейік, 5 бірдей опера симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен сахналанды. енді Тарихи қойылым көпшілік назарына 27-ақпанға дейін ұсынылады.