Қазавтожол: Көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды

45

Бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап екі учаскеде көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды, деп хабарлайды Қазавтожол.

Абай өңірінде «Алматы-Өскемен» тасжолының 615-967 шақырымдары аралығында орналасқан Жетісу облысы шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі учаске ашық.
Жетісу өңірінде «Алматы-Өскемен» тасжолының 558-615 шақырымдары аралығында орналасқан Үшарал қаласынан Абай өңіріне дейінгі учаске ашық.
Ал Р-20 «Сарыөзек-Көктал» күре жолының 45-68 шақырымдары аралығында (Алтын Емел асуы) көлік қозғалысына әлі де шектеу қойылып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, кеше кеште ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолшылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Өткен түнде Абай облысының республикалық маңыздағы күре жолдарына 140 тонна құм-тұз қоспасы себілді.