Бұдан былай кәсіпкерлердің электр желілеріне қосылуы үшін техникалық шарттарды алуы жеңілдемек. Осыған дейін табиғи монополия субъектілерінің еркін және тапшы қуаттары туралы ақпарат қолжетімсіз болып келген. Қазақстан бойынша алғаш рет облыста энергия қуаттарының электрондық базасы іске қосылды. Жаңа карта кәсіпкерлер палатасында таныстырылды.
Электронды карта тіпті бірнеше жылдарға құрылған желілік даму жоспарын да болжап береді. Ондағы ақпарат үздіксіз жаңартылып отырады. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық аймақтарда энергиямен қамтитын ұйымдар еркін энергия қуаттарының электрондық базасын жасауы тиісті.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=FOYKzT7K0xU[/youtube]
Енгізілген жаңа тәсіл өндірістік кәсіпорын ашқысы келетін болашақ кәсіпкерлердің жұмысын оңтайландырмақ. Бизнес өкілдеріне еркін энергия қуаттары туралы ақпаратты алуға кәсіпкерлер палатасының мамандары көметеседі.