Ресей рублінің құнсыздануы мен сырттан келген жұмысшыларға қойылатын талаптың күшейтілуі біздің елдегі шетелдіктердің санын арттырды. Қазақстанда да көші-қон заңына сәйкес, сырттан келгендердің заңсыз жұмыс жасауына тыйым салынға. Осыған қарамастан, тығылып тиын тауып жүргендер көп. Облыстық көші-қон полициясының қызметкерлері бюджет қаражатына салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, тіркеусіз тіршілк етіп жүрген шетелдіктерді анықтады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=8TdV4MdIw5M[/youtube]
Шымкентте жүріп жатқан құрылыс нысандарының басында, қазақстандық жұмысшылардан гөрі, көршілес өзбек елінен келген арзан қол жұмысшылардың саны басым. Көші-қон полициясы қызметкерлерін көре сала, жан- жақа жапа тармағай қашуға әрекетенді, бірақ ойлары іске аспады.
Өзбекстан елінен келгендер тек ақша табуды көздейді. Олардың бір айлық жұмыс ақысы-70-80 мың тенге. Ал оны өзбек сомына ауыстырғанда әжептеуір қомақты қаржы болады. Осыны ескергендер, Ресейге емес, қазақ елінде қалатын болған.
Бір ғана рейд жұмыстары барысында, заңсыз жалданып жүрген 40-қа тарта шет елдік азамат анықталды. Тексеруден кейін, мердігер мекеменің әрекеті заңсыз деп табылса, әкімшілік шараға тартылатын болады. Ал құжатары рәсімделмеген шет елдіктер елден аластатылады.