Бір ауданда көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам азамат анықталды

89

Тұран ауданында көші-қон заңнамасын бұзған 117 адам жауапқа тартылды. Шымкентте заңсыз көші-қон фактілерінің жолын кесу мақсатында 20-28 ақпан аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.

Нәтижесінде, қабылдау-тарату мекемесіне жеке бастарын анықтайтын құжаты жоқ 48 адам орналастырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабында көзделген “шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы” бойынша 70 тұлғаға қатысты хаттама толтырылса, 518-баптың 1-бөлігімен – 40, 519-баптың 1-бөлігімен “ – 7 азамат жауапқа тартылды.