Шымкенттегі Шаумян көшесінің бойында орналасқан жасыл алаңда қыздарға қарсы ұлдар командасы ойнауда. «Бұл футболдың ережесіне қайшы емес»- дейді жарыс ұйымдастырушылары. Халықаралық федерацияның рұқсаты бойынша турнирге қатысып жатқан ұлдардан екі жасқа үлкен қыздарды турнирде сынға түсе алады. Сол себепті де 10 жастағы ұлдармен 12-дегі қыздар үш ұпайға таласты.
Ойынның алғашқы он минутында тараз басы тең келді. Алайда, ұлдар командасы басымдылық танытып, қақпаны бірінші болып бағындырды. Араға үш минутты тастап, есеп еселене түсті.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=td2YzqvECzQ[/youtube]
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай ұйымдастырылыған турнирге оңтүстіктің өзінен 9 команда жиналған. Ал қонақтардан тек Тараздан ғана футболшылар келді.
Серік Өтегенов, жарыстың бас төрешісі: «Жарыс жоспар бойынша өтуде. Мұндай ойындар қыздар үшін үлкен тәжірибе. Өйткені, ұлдар қанша дегенмен ептілеу келеді. Жолдастық кездесулер жиі өтіп тұрады. Ал ресми турнирлердегі ойындардың орны бөлек. Сол себепті де №7 футбол мектебінің қыздар командасына қатысуға рұқсат етілді.»
Футболшылар 5 күн бойында ала допты қаулайтын болады. Бұл жастағылар арасында ресми жарыстар аз болғандықтан мұндай әр бір турнир олар үшін тәжірибе жинақтауға жақсы мүмкіндік. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жарыстар қатары мұнымен шектелмейді. Сынақ аяқтала салысымен өзге жастағы аяқдопшылар жасыл алаңға шығады.