Шымкент қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жүріп есірткі саудасымен айналысқан әйелге қатысты сот үкімі шықты. Қырық бес жастағы азаматша қаладаєы 167\4 түзеу мекемесінде 2009 жылдан бері жазасын өтеп келеді.
Қылмыскер өз танысының көмегімен ірі көлемдегі есірткіні түзеу мекемесінің аумағына кіргізіп, өз камерасында тығып жатқан жерінен ұсталған. Оның кінәсі сотта толық дәлелденді.
Айта кетейік, Ольга Начаева есімді жазасын өтеуші бұған дейін де есірткі саудасымен айналысқаны үшін екі рет сотталған.
Бұл Ольга Начаеваның есірткі саудасына қатысты үшінші қылмыстық ісі болғандақтан, азаматша Қарағанды қаласындағы қатаң түрдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеуге аудалуы мүмкін.