Úı ANONS 59 гектар жер мемлекетке қайтарылды

59 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Түркістан облысы Жетісай ауданының прокуратурасы кадастрлық құны 48 миллион теңге тұратын жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, аудандық прокуратура жер телімдерін заңсыз иелену, игерілмей және иесіз қалған жер учаскелерін анықтау, заңсыз табысталған жерлерді мемлекетке қайтару бағытында тұрақты түрде талдау жүргізеді. Бұл жолы зерделеу кезінде игерілмей иесіз қалған және заңсыз берілген 11 жер телімі анықталған. Жердің жалпы көлемі – 59 гектар.

 

АЗАМАТ АЙТУҒАН, ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: «Прокуратураның қадағалау актісі негізінде жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган сотқа талап арыздар енгізді. Сот актілері негізінде кадастрлық құны 48 млн теңге құрайтын, жалпы аумағы 59 га, 11 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды».

 

Жерді мемлекетке қайтару туралы прокуратура сотқа тергеуіне жүгінген. Сот актісі шығып, заңды күшіне енген. Заң бұзушылыққа жол берген лауазымды қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

 

Дилара Иса