Төлебиде 500 гектар егіс тамшылатып суарылады

222

Облыс әкімдігінде өткен жылдың қорытындысы бойынша есеп беру мәжілісі жалғасуда. Төле би ауданының әкімі Әуелхан Тұрғымбеков 2014 жылы атқарылған жұмыстар мен облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есеп берді.

000

Әуелхан Елтайұлының хабарлауынша, өткен жылы ауданда жалпы өңірлік өнім көлемі 73,6 млрд. теңгені құрап, есепті кезеңмен салыстырғанда 16,7 млрд. теңгеге артқан. Өнеркәсіп саласында 21 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.

ҮИИД бағдарламасына 6 жоба енгізіліп, «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 7 жоба мақұлданған. Кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 14625-ке жетіп, шағын және орта бизнес саласында өндiрiлген өнiм мен көрсетілген қызметтер көлемі 31 млрд. теңгеге жуықтаған. Аудан экономикасын дамытуға бағытталған инвестиция 18 млрд. 728 млн. теңгеге жеткен.

Дереккөз: Облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі