Ұлыс тойы ұлттық құндылықтарды насихаттаудан басталды

344

Ұлыстың ұлы күнін тойлау ұлттық құндылықтарды насихаттаудан басталды. Наурыз мерекесі қарсаңында салт-дәстүр орталығында терме байқауы ұйымдастырылды. Халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең түрі уағыздалған шараға өңірдің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар қатысты.

555555555555555555555

Сөз өнерін серік еткендер Батыс, Шығыс, Солтүстік, Сыр Жетісу өңірлерінің мақамдарына салып, құлақ құрышын қандырар термелерді нақышына келтіре орындады. Терме өнерін насихаттап жүрген көркем сөз зергерлері қоғамдағы көкейтесті жәйттер мен адамгершілік, достық тақырыбын әнге қосты.