Ескі суреттердің сырын ақтарсақ – 2

1104
Суретті түсірген Анас Утяганов

Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын сайтымызда дәл осы тақырыппен кеңес заманының белгілі фото-тілшісі Анас Утягановтың суреттерін жариялаған болатынмын.

Анас ағамыздың мол мұрасының арасынан көзімізге енді мына суреттер ілікті. Мұқият қараған жан самаурынға таяу отырған баланың бүгінде білдей бір облыстың әкімі екенін жазбай тануы керек.

Суретті түсірген Анас Утяганов
Суретті түсірген – Анас Утяганов

Иә-иә, ол – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов. Анас Утягановтың бай суреттер мұрасын ұсынушы – оның қызы, бүгінде «Рабат» газетінің бас редакторы Фарида Анасқызы Шарафутдинова әр суретті ұсына отырып, «Асқар Исабекұлы көпшіл ортада өскенге ұқсайды. Себебі, мына суреттерден оның үйінен қонақ арылмағаны, келімді-кетімді адамдардың көп болғанын байқауға болады» дейді.

ескі суреттердің сырын ақтарсақ-2

Negative0-22-22(1)

«Мына бір суретті қарашы, біздің әкімнің бауырлары өнерге жақын болған сияқты» деп әріптесім енді бір кезекте тағы бір суреттерді ұсына кетті.

Расында да, бүгінде біз билік басынан көріп, қатал да талапшыл, іскер азамат ретінде танып жүрген Асқар Мырзахметовтың бала күнгі мына бір суреттеріне қарап, алыстағы қазақы ауыл көрініс беретіні жасырын емес.

ескі суреттердің сырын ақтарсақ-2

Negative0-06-06(1)

Күн ұзартқан шаруаны бітіріп, малды жайғап, үйге келген қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, ән мен күй тыңдап, әсерлі әңгіме айтысып, өнегелі өсиет ортаға салынған кешегі күннен әдемі естелік.

ескі суреттердің сырын ақтарсақ-2
Ескі суреттердің сырын ақтарсақ – 2

Negative0-14-14(1)

Negative0-31-31(1)

Айтпақшы…

Осы суреттерді ұсынған Фарида апайымыздың әкесі, марқұм Анас Утяганов кезінде «Сельская жизнь» (УК КПСС) газетінің біздің өңіріміздегі меншікті тілшісі болған.

Дәл осындай ескі суреттер сіздің де үйіңізде бар болуы әбден мүмкін. Әкеліңіз, ортаға алып, бірге көрейік. Бәлкім, бүгінде танымал азаматтардың балалық шағының бейнесі сол суреттерде қалған болар.

…Ескі суреттер альбомын көргенді сондай жақсы көремін.