«Су арнасы» тұрғындарға жеңілдік ұсынып отыр

255

Шымкент қаласының тұрғындары жаз айларында тәулігіне 150-200 мың текше метр ауызсу тұтынады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20-30 пайызға артық. Қала көлемінің ұлғаюымен «Су арнасы» мекемесінің жұмысы де артты. Таяуда шаһардың бір топ көше төрағалары мен төрайымдары тіршілік нәрінің тұтынушылардың үйіне дейін жеткізілудегі жаңа технологияның қолданылуымен танысты.

IMG_0910

Маман Шыңғысбаев, 112-орам төрағасы: «Мен Анарбек Орман мырзаның тірлігімен былтырдан таныспын. Бұл кісінің халық алдындағы есебінде болдым. Көп жаңалықтарды естіген едік. Бүгін 10-15 үй төрайымдары мен төрағалары келіп, көріп отырмыз. Таза ауызсумен қамтамасыз ету көптен бері сөз болып жатыр. Біз соның куәсі болып отырмыз. Менің ең басты айтайын дегенім – біздің балаларымыз бен немерелерімізге айтып отыратын ауыр қалдықтарды өңдеуді өз көзімізбен көрдік.»

Көпқабатты үйлерде су өлшеуіш құралдарының жертөлеге шығарылғандары да көрсетілді. Жер үйлерде су өлшеуіш құралдарын сыртқа шығару мәселесі шешімін толық тапқан болса, көпқабатты үйлерде бұл әлі де проблема. Егер тұрғындар жаңғырту бағдарламасына келісім берсе, екі есе ұтады екен.

Мұхтар Сыдықов, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС аппарат басшысы: «Мекеме соңғы үш жылда көпқабатты 50 үйдің су өлшеуіш құралдарын үйден жертөлеге шығарып, құбырларын жаңартып жатыр. Бұған кететін шығынның тек жартысын біздің мекеме көтерсе, қалған жартысы тұрғындардың есебінен өсімсіз несиемен жасалады. Мысалы, тұрғындар үшін төлемақының 50 пайызы 20 мың теңге болса, сол ақшаны 1 жыл көлемінде ай сайын 2 мың теңгеден төлеп отырады. Бұл тұрғындардың су өлшеуіш құралдары бұзылып немесе мерзімді тексерту, ауыстыру сынды бас ауыртар проблемадан толық босатылады. Яғни, мекеме өз балансына алып, шығынды көтереді.»

Су арнасының меншігіне алынған су өлшеуіш құрылғылары
Су арнасының меншігіне алынған су өлшеуіш құрылғылары

«Су ресурстары-Маркеиинг» ЖШС кәріз жүйесімен келетін 100 мың текше метр ауыр қалдықтарды өңдеуге қуатты. Шаһардың кеңеюіне байланысты қазіргі уақытта тағы да 50 мың текше метр қалдықты өңдеуге арналған бассейн салынуда. Айта кетейік, мекеме жұмыс сапасы, жаңа технологияны ендіру бойынша тек елімізде ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де үлгілі.