Қалалық ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

825

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Қалыбеков Қанат Жұмағұлұлы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметкері Нұрлыбек Жеңісбек хабарлайды.

006

Қанат Жұмағұлұлы бұған дейін 2003 жылдың 5 мамырынан 2007 жылдың 4 наурызына дейін Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған. Ал 2007 – 2008 жылдар аралығында ОҚО ішкі саясат департаменті, бөлім бастығы, 2008 – 2009 жж Шымкент қаласы білім бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.

2009 – 2010 жж – «Нұр Отан» ХДП ОҚО партиялық бақылау комиссиясының инспекторы, ал 2010 жылдан бастап Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2015 жылдың 20 сәуірінен бастап Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыға алдағы қызметіне сәттілік тілейміз!