7 сәуір – дүниежүзілік денсаулық сақтау күні. Осыдан төрт жыл бұрын Елбасы жарлығымен денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы бекітілген болатын.

Ел азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған бағдарламаның ауқымды тармағы – дұрыс тамақтану. Аурудың астан шығатынын ескерген дәрігерлер осынау маңызды құжатта сау тамақтанудың жолдарын тәптіштеп түсіндірген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=02jRwaybEF8[/youtube]

Тамақты талғамай жеу – тек семіздікке ғана емес, сондай-ақ түрлі ауру түрлеріне шалдықтырады. Қант диабеті мен жүрек қантамыр аурулары аса қауіпті. Дерттің кейбір түрі де дұрыс тамақтанбаудың кесірінен пайда болады.

Дәрумендер көзі көкөніс жеміс жидектер күнгей халы үшін қолжетімді. Алайда, мамандар ағзаға қажетті минералдық заттарға бай балық өнімдерінің жергілікті халықтың балық өнімдерін көп тұтына бермейтінін айтады.

Мамандар әсіресе, оқушылардың тамақтануына алаңдаулы. Себебі, бұл буын сырттан тасымалдан күманды өнімдерді көп тұтынуды. Мектеп ауласындағы дүңгіршіктерден кез-келген уақытта сатып ала салады.

Төрт мезгіл тамақтану кезінде тәуліктік рационды бөлу күн тәртібіне және әдеттенуіне байланысты істеледі. Рационды мынадай тәртіппен бөлу анағұрлым тиімді: таңертеңгі асқа – 25%, түскі ас – 35%, сәскелік ас – 15%, ал кешкі ас 25% болуы тиіс. Соңғы тамақ қабылдау уақыты ұйқыға дейін 3 сағат бұрын болуы тиіс.