Дәрігерлер дұрыс тамақтану туралы кеңес беруде

904

Еңбекші аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары №5 емхананың дәрігерлерімен бірлесіп, қала дүкендерін аралап, дұрыс тамақтану турасында кеңес беруде.

Бірінші кезекте, халық көп пайдаланатын ұн өнімдерін тексеруде. Айтуларынша, ұнның құрамында адам ағзасына қажетті витаминдер: темір, кальций болуы шарт. Үкіметтің бағдарламасына сай, барлық ұн өнімін шығаратын диірмендер технология кезінде жоғалатын қоспаларды қосып, оның құрамын байытып отырулары тиіс.

Ал дәрігерлер темекі мен арақтан, артық салмақтан арылу жолдарын насихаттауда. Айтуларынша, бүгінгі таңда жүрек талмасы ауруы жасарып барады. Дұрыс тамақтанбай, артық салмақ жинаудың салдарынан саулығын жоғалтқандар көбейген. Дәл осы күні дәрігерлер дүкенге келген азаматтардың қан қысымен өлшеп, өз кеңестерін берді.