Ел Президентін сайлауға жабық мекемедегілер де қатыса алды. Шымкенттегі тергеу изоляторында саяси науқанға дайындық жан-жақты жүргізілгені бірден байқалды. Таңертеңнен небәрі 4 сағат ішінде мұндағы сайлаушылардың 70 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді.

002

Бұл учаскеде 420 адам дауыс беретіндер тізіміне енген. Алайда, кейбіріне тағылған айыптары бойынша үкім шығып қоюына байланысты дауыс берген жоқ.

001

Таңғы сағат 7-де басталған дауыс беру шарасына түрлі қылмыстарға – адам өліміне, алаяқтыққа қатысы бар деген күдіктілер қатысты. Бұл азаматтарға үгіт шаралары кезінде барлық кандидаттар туралы мәліметтер беріліпті. Олардың бағдарламалары да таныстырылған.