Қақпаға салынған әр бір гол команданы жеңіске жетеледі

Ганболдан ел чемпионатының төртінші тур ойындары Шымкентте өтті. Бұл – жоғары лига. Сол себепті отандық үздік гандбол командалары бақ сынады.

Қақпаға салынған әр бір гол команданы жеңіске жетеледі

Республикалық сынақтың алғашқы туры да біздің қалада өткен болатын. Ол кезде жерлестеріміз бірінші орынға көтерілген еді. Алайда, үш турды араға тастап, Оңтүстіктің «Қазығұрт» командасы үшінші орынға төмендеген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=IMBVavtgcNg[/youtube]

Оның да өз себебі бар. Команда құрамы жастармен толығып, бірде бір легионер қалмады. Дода барысында жерлестеріміз басты қарсыласы ақтөбеліктермен кездескен болатын. Қонақтармен 23-23 есебімен ойнап, турнирлік кестедегі үшінші орнын сақтап қалды. Енді келесі тур Ақтөбеде өтсе, Қазақстан халқы спартакиадасы маусым айында Қарағанды қаласына жоспарланған.