Úı ANONS Жүзуден рекорд жаңартты

Жүзуден рекорд жаңартты

Түркістан облысының спортшылары Ақтөбеде жүзуден өткен ел чемпионатында рекорд жаңартты. Күнгей өңірінің жүзушілер құрамасы 6 алтын, 9 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.

Аталған сайысқа еліміздің 15 өңірінен 20 команда, 250 спортшы қатысты. Айта кетейік, ел чемпионатында бірінші рет Марасанова Дарья, Злобина Диана, Васильченко Дарья және Болдырева Милана 200 метрге еркін әдіспен жүзуден жеңіске жетті.

Келесі жылы облыс жүзгіштері Қазақстанның квалификациялық чемпионатына қатысады.

Диана Біржанова