Бүгін кез келген шымкенттіктің кітап оқуына мүмкіндігі бар. Бұл — Пушкин атындағы кітапхана ұжымы ұйымдастырған ашық есік күні аясында атқарылып жатқан шара әрі халықаралық кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай кітапханашылардың ұйымдастырған сыйы.
Кітапхана алдына мерзімді басылымдардан тұратын көрме ұйымдастырылып, оқырмандардың назарына 500-ден аса кітап ұсынылды. Белгілі қаламгерлер оқушыларды атулы мерекемен құттықтап, кітаптың құндылығы және оны оқудың пайдасы туралы құнды сөздерімен бөлісті.
1995 жылдан бері тұрақты түрде атап өтілетін мереке аясында тұрақты оқырмандарға да құрмет көрсетіледі. Ендеше, өзіңізге бір сәт демалыс жариялап, кітап оқығыңыз келсе, Пушкин атындағы кітапханаға кешкі сағат 19:00-ге дейін баруыңызға әдбен болады.
Шарбану Динасилова, кітапхана директоры: «Бұл — кітап және кітапханашылардың нағыз мерекесі. Сондықтан атаулы күнді атап өту үшін бүгін ашық есік күнін өткізіп отырмыз. Осы шарада арнайы кітап көрмесін ұйымдастырдық. Ең қызықты, танымды, көп оқылатын дүниелерімізді оқырманның назарына ұсынып отырмыз. Кез келген қала тұрғыны осында келіп, кітап оқи алады».