Оңтүстікте бюллетеніне Президентке алғысын жазған сайлаушылар да болды

293

Облыс аумағындағы сайлаушыларының 98 пайызға жуығы сайлауға қатысып, өз дауысын берді. Оның басым бөлігі Н. Назарбаевты таңдаған. Облыста сайлау барысын бақылау жөніндегі комиссиясының мәліметі осындай.

Комиссия төрағасы  Досыбай Шерімқұловтың айтуынша, өңірімізде аудан-қалаларда барлығы 1029 сайлау учаскесі жұмыс жасаған. Таңертеңгі сағат 07:00-ден басталған сайлау шарасы кешкі сағат 20:00-де тоқтатылды. 13 сағаттың ішінде ешқандай құқықбұзышылық немесе заңбұзушылық жағдайлары тіркелмепты.

Бір қызығы, бюллетеньдеріне мемлекет басшысына деген алғыстары мен ақ тілектерін жазып жіберген жерлестеріміз де кездесіпті. Мұны дауыс санаған топ мүшелері айтып берді

Айта өтейік, биыл бақылаушылар тобына жасы 29-ға дейінгі жастар ғана таңдалынып алынды. Оның ішінде жастар орталықтары мекемелерінің мамандарымен қатар студенттер де бар.

8072

Досыбай Шерімқұлов, ҚР сайлауды бақылау жөніндегі комиссия жасағының облыстағы филиалының төрағасы: «Сайлаушылардың белсенділігінің артқанын байқадық. Бұрынғы сайлаушылардай емес, бүгінгі таңда барлығы өзінің құқықтарын, өзінің міндеттерін сезінді. Мемлекет үшін, қоғам алдында жауапкершілігін біліп, сезіну арқылы дауыс берді».