Бір келі бал сатып ал да, сыйлыққа ие бол. Мұндай мүмкіндікке «Пасека Калашникова» өнімдерінің көрмесінде қол жеткізе аласыз. Шымкенттіктер үшін аса сұранысқа ие болған ресейлік бал облыс орталығына қайта келді.
Қалалықтардың талғамынан шығып үлгерген «Пасека Калашникова» өнімдерінің бал жәрмеңкісі Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Жерлестеріміз үшін жақсы таныс жабайы ара балы, балауыз, бал сүті, балқарағай мен тау гүлдерінен жиналған балдың түр-түрін көрмеден сатып ала аласыз. Омарташылар әр келгенде өнімдерін балдың жаңа түрлерімен толықтырып отырамыз дейді.
Оксана Кравченко, сатушы-кеңесші: «Пасека Калашниковтар» көрмесіне емдік балдың 40-қа жуық түрі қойылған. Өнім Кавказ бен Алтай жерінен жиналған. Әр түрі өзіндік бір емдік қасиетке ие. Көбі қан құрамындағы қант мөлшерін азайтуда, иммунитетіңізді көтеруде пайдалы. Есте сақтау, көру қабілетін жақсартады. Емізулі және жүкті аналарға пайдасы мол. Сондықтан біздің өнімдерімізге сұраныс көп».
Сонымен қатар көрмеден конфетюрь, яғни, аз мөлшердегі қант қосып, қайнатпай, тек су буында дайындалған тосап және тәттінің көптеген түрін кездестіруге де болады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=mPiah4vCnL4[/youtube]
Бал жәрмеңкесі 10 сәуірге дейін жалғасады. Айтпақшы, 1 келі бал сатып алсаңыз, тағы 1 келісі тегін беріледі. Ендеше, «Әл Фараби» сауда үйіне асығыңыз!