Шымкентте бал жәрмеңкесі өтуде

578

Мықты денсаулық пен тәтті дәм. Шымкенттегі Әл Фараби сауда үйінде бал жәрмеңкесі өтіп жатыр. Сонау Башқұрт елінен келген Ивановтар отбасы шымкенттіктер үшін өздерінің ең жақсы, сұрыпталған әселін ала келіпті.

vlcsnap-2015-03-20-10h24m15s251

Башқұрт жөкесі, золотарник, патшалық мақпал, Девясил, талшын, молочай, расторопша, бортевой, эспарцет, балтозаң қосылған әсел дәмі шымкенттіктер үшін таңсық. Сондықтан болар, хош иісті, дәмі тіл үйірер емдік қасиеті бар бұл балды халықтың жасы да кәрісі де сүйсініп жейді.

жабайы бал

Жоғарыда аталған әселден өзге Ивановтардың жылжымалы омартасынан шоколад, даршын, жанжабіл қосылған әселдің жаңа түрі мен сібір балы да табылады. Осылайша ұймдастырушылар шымкенттіктер үшін ең жақсысы өнімін әкелгендерін айтады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар 1 келі бал алғандарға қосымша сыйлық та қарастырылған дейді.

Шымкентте екінші рет бал жәрмеңкесін өткізіп отырған Ивановтар отбасы бұл жолы балдан бөлек өздерімен бірге қолдан жасалған декоративтік суреттер мен төсек жаймаларын, ортопедиялық жастықтар мен тұрмысқа қажетті өзге де бұйымдарды ала келіпті.

vlcsnap-2015-03-20-10h22m06s240

vlcsnap-2015-03-20-10h23m32s71

vlcsnap-2015-03-20-10h24m23s72

Жәрмеңке Әл Фараби-2 сауда орталығында 20 наурызға дейін өз жалғасын табады. Келіп, балдың дәмін көрем деушілерге Ивановтардың есігі айқара ашық.